2022 жылғы 3-4 желтоқсан аралығында Петропавл қаласының спорт мектеп-интернатында халықаралық дәрежедегі спорт шебері капитан Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған курсанттар арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының чемпионаты өтті.
Қоян-қолтық жекпе-жектен турнирге 8 құрама командадан 70-тен астам курсант қатысты. Турнир алтыншы рет өткізілді. Қатысушылар арасында түрлі республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.
Азамат Нұрпейісов — кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2009 жылы Италияда және 2013 жылы Түркияда өткен кикбоксингтен Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, 2011 жылы Ирландияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2012 жылы Үндістанда өткен Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Кубогына қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирдің жеңімпазы.
Азамат соңғы күндерге дейін арнайы күштерге, өз еліне қызмет етті, спортпен және өзінің арманымен ажырсапады: ол арнайы күштердің ең жоғары марапаты – крап беретке қол жеткізу болды. Бұл маңызды мақсатқа жету жолын ауыр ауру тоқтатты…
Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша жеті салмақ дәрежесінде өткізілді. Ыстық шайқастарда, бірақ кейде тең емес жекпе-жектерде жеңімпаздар анықталды: 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 6 оқу ротасының курсанты Ақжол Ақылша чемпион атанды; 62 келіге дейін 5 оқу ротасының курсанты Аманбек Рахметов; 67 келіге дейін 5 оқу ротасының курсанты Еламан Асқарұлы; 73 келіге дейін 6 оқу ротасының курсанты Жомарт Тұрсын; 80 келіге дейін 5 оқу ротасының курсанты Ғаламат Марат; 88 келіге дейін 2 оқу ротасының курсанты Жарқын Мұратқажы; 88+ келіде 1 оқу ротасының курсанты Нияз Зубаиров.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды 3 оқу батальонының 5 оқу ротасының құрама командасы иеленді.
Ұлттық ұлан академиясының бастығы полковник Артур Токушев өз сөзінде: «Біз бүгін нағыз жекпе-жек пен бәсекелестікті көрдік. Күш, ерік, ептілік және төзімділік – бұл жауынгерлік қасиеттер спортшыларға жеңіске жетуге және тұғырға көтерілуге көмектесті.
Барлық спортшыларға, сондай-ақ төрешілерге жоғары ұйымшылдық, адал күрес және жарысқандық үшін зор алғысымды білдіремін» — деп атап өтті.
Азаматтың әкесі — Ерік Нұрпейісов өзінің жалғыз мезгілсіз кеткен ұлын еске алып, құрметтегендердің барлығына үлкен алғысын білдіріп, Ұлттық ұлан мен Академия басшылығына жыл сайынғы турнирді өткізу бастамасы үшін алғысын білдірді.
Барлық жекпе-жектер бірдей болған жоқ — көптеген көрермендер тұншықтыратын ұстамалар мен ауырсынуды ғана емес, сонымен қатар әдемі нокауттарды да көрді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының даңқты спорттық дәстүрлері бар. Көптеген жылдар бойы әскери кадрлар ұстаханасының курсанттары мен офицерлері Қазақстан Республикасы чемпионаттарында және халықаралық деңгейдегі басқа да жарыстарда көшбасшы болып келеді.

ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі