Тылсыз жеңіс жоқ!
Автокөлік жасақтары — әрқашан айналуға дайын!
Техникалық және тылдық қамтамасыз ету кафедрасы оқу-тәрбие, әдістемелік және ғылыми қызметті, сондай-ақ оқу материалдық-техникалық базасын дамыту және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының негізгі бітіруші оқу-ғылыми бөлімшелерінің бірі болып табылады. Кафедра бірнеше ұқсас оқу пәндері бойынша оқу және әдістемелік жұмысты жоғары ғылыми деңгейде ұйымдастыру және өткізу, тыңдаушылармен және курсанттармен тәрбие жұмысын жүргізу, ғылыми зерттеулерді орындау, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау, кафедра бейіні бойынша офицерлерді кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі міндеттерді шешеді.
Кафедраның негізгі міндеттері:
-
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін жоғары кәсіби білімі бар материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі білікті мамандарды, біліктілігі жоғары ғылыми, педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау;
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының келісімшарты бойынша офицерлерді, әскери қызметкерлерді, сондай-ақ ішкі істер органдарының материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
-
елдің қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін нығайту және әскери қызметкерлердің кәсіби білімін арттыру мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
-
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру, әскери кәсіптік қызметтің тиісті саласында біліктілігін арттыру арқылы студенттердің интеллектуалдық, мәдени және адамгершілік дамуына қажеттіліктерін қанағаттандыру;
-
жастарды әскери-кәсіби бағдарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу және оларды жоғары әскери оқу орындарына қабылдауға дайындау.