2001 жылдың 26 желтоқсанында күні Ішкі істер Министрінің № 301 бұйрығымен Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ Жоғары әскери училищесінде біліктілікті көтеру мен ішкі әскер офицерлерін қайта дайындау факультеті құрылды.
2016 жылы факультет Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің біліктілігін арттыру факультеті болып өзгертілді.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультеті болып қайта құрылды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін жетілдіруге, даярлауға және қайта даярлауға арналған.
Факультет қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының нормативтік актілерімен, Ұлттық ұлан Академиясының жарғысымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының 2025 жылғы 11 сәуірдегі No 153 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультетінде оқытуды ұйымдастыру туралы ережемен» жүзеге асырылады.
Әскери қызметшiлер мен өзара iс-қимыл жасаушы органдар қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру олардың бұрын алған бiлiмдерiн тереңдету немесе жаңа кәсiптiк бiлiмдер мен дағдыларды немесе бұрын алған кәсiптiк бiлiм базасында жаңадан алған мамандықтарды игеру, iскерлiк қасиеттерiн дамыту және атқаратын қызметiнен бiр саты жоғары лауазымдық функцияларды орындауға.
Факультет құрылғаннан бері 177-ден астам топ, 3 786-дан астам офицер мен Ұлттық ұлан мен өзара іс-қимыл жасайтын органдардың келісімшарт бойынша әскери қызметшілері оқытылды, біліктіліктері арттырылды және қайта даярланды.
2023 жылғы 17-22 шілде аралығында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлерді бірінші конкурстық іріктеу өтті.
Факультеттiң негiзгi мiндеттерi:
- оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және оның іске асырылуын бақылау;
- тыңдаушылардың лауазымдық міндеттерін сапалы орындауы үшін кәсіби білімдерін жетілдіру;
![]() |
![]() |
3) Жоғары тұрған лауазымдарға жоғарылату үшін офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамының лауазымдарындағы әскери қызметшілер қатарынан резерв дайындау;
4) Магистранттарды даярлауды, аралық және қорытынды аттестаттауды, практикалардың барлық түрлерін және ғылыми-зерттеу жұмысын бақылау;
5) Магистранттардың оқу жетістіктерін есепке алу, академиялық кезеңде және бүкіл оқу кезеңінде жинақталған кредиттердің есебін бақылау;
6) Курстан шығарылғандарға анықтамалар, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар беру;
7) Магистранттар мен тыңдаушылардың үлгерім жағдайын талдау және бақылау;
8) Оқытудың тиімді технологияларын енгізу, оқытудың жаңа әдістемелерін әзірлеу және байқаудан өткізу.
Факультетке тікелей басшылықты оның бастығы жүзеге асырады.