кафедра бастығы — Педагогика ғалымдардың кандидаты, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент)
полковник
ШАПАШЕВ МҰРАТ АСҚАРҰЛЫ
Жедел өнер және моральдық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының 2022 жылғы 24 маусымдағы № 27 бұйрығымен құрылған. Ол өз қызметінде кафедраға бекітілген пәндер бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, магистранттар арасындағы тәрбие жұмысын, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. Кафедрадағы оқу процесінің негізгі мақсаты – мамандықтың мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәндер бойынша іргелі білімі мен терең теориялық және практикалық дайындығы, мықты кәсіби білімі, біліктілігі бар магистранттарды дайындау. Кафедраның негізгі міндеті – ғылым мен тәжірибенің жетістіктері, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның терең кәсіби дамуына бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге жағдай жасау, кәсіби құзіреттілік пен тұлғаны дамыту, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру. Кафедраны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Петропавл жоғары әскери училищесінің бірінші түлегі, педагогика ғалымдардың кандидаты, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), полковник Шапашев Мұрат Асқарұлы басқарады. Кафедра ұжымында кәсіби қызметі мен педагогикалық тәжірибесі мол білікті мамандар, оның ішінде педагогика ғалымдардың кандидаты, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), философия докторы (PhD), оқытушы-зерттеуші мен магистрлар жұмыс істейді. Бұлар полковник Байбусинов Мұрат Найманұлы, полковник Тәттімбетов Архат Жеңісұлы, полковник Саржанов Қайрат Жұмабекұлы, философия ғылымдарының докторы (PhD) подполковник Әбілмажинов Алмаз Айтжанұлы, подполковник Касимов Дамир Лиятұлы, подполковник Саутбаев Данияр Бауыржанұлы сияқты офицерлер.
Кафедра қойылған мақсатты келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырады:
— оқу жоспарында және оқу процесінің кестесінде көзделген, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша оқу сабақтарының барлық түрлері кафедрасының пәндері бойынша ұйымдастыру және өткізу;
— дәстүрлі оқыту технологияларын қолдану және жаңа оқыту технологияларын енгізу арқылы пәндерді оқытудың жоғары теориялық және әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету;
— оқу-тәрбие процесіне қажетті оқу-әдістемелік материалдарды: оқу курстарының жұмыс бағдарламаларын, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін, әдістемелік құралдарды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды, ағымдағы бақылау жүргізу материалдарын дайындау;
— білім алушыларды оқыту үшін оқулықтар, оқу, оқу-әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер, дәрістер курстары және басқа да нұсқаулықтар мен көрнекі құралдар дайындау;
— магистранттардың ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-кафедралық ғылыми конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми семинарлар, конференциялар, симпозиумдар жұмысына қатысуы, әскерлерде, ұйымдар мен мекемелерде ұжымдар алдында сөз сөйлеуі арқылы ғылыми білімді насихаттауды жүргізу.