«Көптеген тілдерді білу дегеніміз – бір құлыпқа кілттердің көп болуы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының тілдік дайындық кафедрасы білім берудің заманауи талаптарына сәйкес тілдік дайындық деңгейін көтеру, курсанттарды оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін жетілдіру, әскери ғылымдармен пәнаралық байланысты практикалық жүзеге асыру, оқу процесіне ғылым мен инновациялық технологияларды енгізу.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің әскери училищесінде лингвистика кафедрасы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі С.В. Скрипко болды. Мемлекеттік тіл аясының кеңеюіне байланысты 2004 жылы кафедра мемлекеттік тіл және тіл дайындығы кафедрасы болып өзгертілді, кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Қ. Қожағұлова басқарды.
2008 жылы мемлекеттік тіл және тіл дайындығы мен математика, физика және химия кафедраларын біріктіру нәтижесінде жалпы білім беру пәндері кафедрасы құрылды. Қайтадан құрылған кафедраны Ж.Қ. Жабатова басқарды. Жаңыл Қапезқызының жоғары кәсібилігі, бай тәжірибесі, ұйымдастырушылық қабілеті кафедраның оқу, әдістемелік және ғылыми жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесті.
2012-2020 жылдары кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты А.Қ.Қалиев, Ғ.Қ.Қожағұлова және Қ.Қ. Дайыров басқарды.
2020 жылдың 17 ақпанынан бастап Тілдік дайындық кафедрасын филология ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор (доцент) майор Саркенқызы Ақмарал басқарады. Оның жетекшілік етуінің арқасында оқу-тәрбие үрдісі мақсатты, тиімді және жоспарлы жүргізіліп келеді. Кафедра жоғары педагогикалық тәжірибесі бар тәжірибелі мамандармен толықтырылды. Орыс тілі пәнінен берік және терең білім беруге кафедра профессоры майор Р.С. Альжанова және оқытушы подполковник А.С. Космагамбетов үлкен мән береді. Оқытушы К.К. Абилгаламова сабақтарында шығармашылықпен жұмыс істейді. Аға оқытушылар Е.С. Анцибор мен В.У. Зейнинаның сабақтары тиянақты ұйымдастыру, әдістемелік негіздемемен ерекшеленеді. Оқытудың алуан түрлі тәсілдері мен әдістерін оқытушы Ж.З. Қасенова, А.А. Таджигитова оңтайлы насихаттайды. Сабақтарда мәселелі жағдаяттарды оқытушы А.С. Мухаметжанова, Д.М. Нұрлыбай, С.Т. Ерғали кеңінен қолданады. Кафедраның қызметін ұйымдастыру бойынша оқу кабинеті меңгерушісі Т.Қ. Ибраева атқарады, ол берілген тапсырмаларды орындау кезіндегі жауапкершілікпен ерекшеленеді.
«Үздік оқу сабағы» (2020 жылдың ақпан-наурызы) және «Жылдың үздік оқытушысы», «Ғаламтор арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша жылдың үздік оқытушысы» (2020 жылдың қыркүйегі) байқауларының нәтижесі бойынша кафедраның аға оқытушысы қызметші Е.С. Анцибор 1 орынды иеленді.Кафедра оқытушылары қашықтықтан оқыту кезеңінде ерекше белсенділік танытты. Тілдік дайындық кафедрасының оқытушылары барлық ресурстарды сабақтарды сапалы өткізуге жұмылдырды. Кафедра жақсы ғылыми әлеуетке ие. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін және қауымдастырылған профессор (доценті) ғылыми атағын кафедра бастығы майор А. Саркенқызы және кафедра профессоры майор Р.С. Альжанова иеленді, «Педагог-зерттеуші» біліктілігіне аға оқытушы Е.С. Анцибор ие болды. Кафедраның барлық оқытушылары ғылым магистрі академиялық дәрежесіне ие. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми жұмыспен белсенді айналысады. Кафедра оқытушылары аймақтық, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады. Курсанттардың әскери-ғылыми үйірмесі жұмысы аясында кафедра оқытушылары жетекшілігімен курсанттар жыл сайын өткізілетін ғылыми жобалардың республикалық байқауларында, сондай-ақ әр түрлі қалалық, облыстық өлең, эссе байқауларында жүлделі орындар иеленіп жүр, М.Қозыбаев атындағы СҚУ, С. Мұқанов атындағы ОӘҒК, Абылай хан резиденциясы, СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған ғылыми-практикалық семинарларына қатысады.
Кафедра оқытушылары курсанттармен тәрбиелік іс-шаралар өткізеді: тілдік олимпиада, байқаулар, әдеби-сазды кештер, тақырыптық әңгімелер, викториналар және басқа да іс-шаралар. Жыл сайын М. Қозыбаев атындағы СҚУ ағылшын тілінде Халықаралық студенттік ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді, оған түрлі елдердің студенттері қатысады. ҚР ҰҰ академиясының 1 курс курсанттары тілдік дайындық кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен әрдайым жүлделі орындарға ие болып түрлі номинациялар бойынша марапатталады. Бірнеше жыл бойы академия курсанттары кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы жетекшілігімен облыстың жоғары және арнайы оқу орта орындарының студенттері арасында жастар арасында көптілділікті насихаттау мақсатында «Полиглот» өңірлік зияткерлік байқауына белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді, Аталған іс-шарада қатысушылар өздерінің эрудицияларын, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу деңгейлерін танытады.
Жыл сайын кафедрада Тәжікстан Республикасы курсанттарына қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі қосымша сабақтар ұйымдастырады.
Әдістеменің өзекті мәселелері мен ұлттық сана тәрбиесі бойынша кафедра жыл сайын өзекті тақырыптар бойынша конференциялар мен семинарларды өткізеді.
Тілдік дайындық кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы білім берудің заманауи талаптарына сәйкес білім алушылардың тілдік деңгейін көтеру, оқыту әдістемесін жетілдіру аясында әскери ғылымдармен пәнаралық байланысты практикалық жүзеге асыру барысында ғылыми принципті жүзеге асырып келеді.
Кафедра ұжымы өз ісіне берілгендігімен, курсанттарды тәрбиелеу мен оқытуға шығармашылық көзқарасымен ерекшеленеді. Сабақтарда ғылыми және оқытудағы қолжетімділік қағидатын іске асырады.