Ел Тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап тыныштық пен қауіпсіздік күзетінде тұрған Ұлттық ұлан – Қазақстан халқының бірлігі мен мемлекет тұтастығын нығайту жолында. Ұлттық ұлан алға қойған тапсырмаларды лайықты түрде орындап, жеке адам мен азаматтың конституциялық құқығы, қауіпсіздігі, қоғам құндылықтары, мемлекет тұрақтылығы мен тыныштығын қауіп-қатерлерден қорғау жолындағы жауапты қызметін абыроймен атқарып келеді. Ұлттық ұланға кәсіби білікті жетілген мамандарды дайындауда Әскери институттың маңызы зор.
1997 жылы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін құру туралы қаулы қабылдады.
1997 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы Н.Ә.Назарбаев Жауынгерлік Туды тапсыру барысында: «Мен солтүстік климаттық жағдайда тәрбиеленген және білім алған курсанттар нағыз әскери шыңдалудан өтіп, болашақта Қазақстан Республикасы Ішкі Әскерлерінің жаңа офицерлік құрамының негізін құрайтынына сенемін» деп үкілі үміт артқан болатын. Петропавл қаласында Жоғары әскери училищесін құру туралы шешімнің мемлекет үшін стратегиялық мәні жоғары болды.
Әскери институттың тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең (1997–2001 жылдар). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 наурыздағы № 349 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі Әскерлерінің Жоғары Әскери училищесінің құрылуы негізгі өзек болды. Бұл кезең оқу орнының құрылуы мен қалыптасуы, білім беру әрекетінің құрылуы, курсанттарды алғаш қабылдау, алғаш рет курсанттардың ант қабылдауымен тығыз байланысты. Осы кезеңдегі басты нәрсе – барлығының да алғаш рет болуы. Алғашқы курсанттар, бірінші оқытушылар, алғашқы бітірушілер курсы. Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығымен офицерлердің алғашқы шығарылымының тұспа-тұс келуі оқиғаға үлкен серпін берді.
2001 жылы жоғарғы оқу орнында офицерлердің біліктілігін арттыру факультеті құрылды, бүгінгі күнге дейін Ұлттық ұланның 1997 әскери қызметкері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 712 қызметкері кәсіби қайта даярлықтан өтті.
Екінші кезең (2002–2009 жылдар) ел тәуелсіздігінің екінші онжылдығымен және елде, соның ішінде, әскери құрылыс және білім мен ғылым саласында болған реформалармен байланысты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ішкі әскерлерінің Жоғары Әскери училищесі 2009 жылдың 17 наурызындағы № 346 қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ішкі әскерлерінің Әскери институты болып өзгертілді. Аталған кезеңде жоғарғы оқу орнының білім беру әрекеті заңнамалық актілерге сай келтірілді. Осы кезеңді өсу кезеңі және күш жинау уақыты; ұлттық білімді реформалау мен жаңғырту, сонымен қатар, әскери білімді; инновациялық технологияны енгізу; оқу-тәрбие үрдісін өзгеріп жатқан оқиғаларға, Ішкі әскерлерге, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасына жүктелген жаңа міндеттерге сәйкестендіру сынды жұмыстар жүргізілді.
2006 жылы Әскери институт Қазақстанның педагогика ғылымдары академиясының ұжымдық мүшелігіне сайланды.
Үкіметаралық келісімге сәйкес 2009 жылдың қыркүйегінен әскери оқу орны базасында Қырғызстан және Тәжікстан ішкі әскерлері үшін кадрлар дайындығын жүзеге асырады. Сонымен қатар, біздің жоғарғы оқу орнының тарихында қазақ тілінде оқытылатын оқу топтарының ашылуы маңызды оқиға болды.
Үшінші кезең (2010–2015 жылдар) Қазақстанның жаңа әлемде стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруымен, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуімен байланысты. Әскери институтта басты назар инновациялық технологияларға аударылды, оқу үрдісін ақпараттандыру белең алды. 2012 жылы Әскери институттың білім беру жүйесіне оқытудың кредиттік жүйесі (кредиттік технология) енгізілді.
2013 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті қаржысының есебінен ғылыми және ғылыми-техникалық әрекеттің субъектісі ретінде аккредитацияланды.
2014 жылдан Қазақстанның әскери ғылымдары академиясының филиалы жұмыс істейді. Әскери институттың бірнеше ғалымдары Қазақстан мен Ресейдің әскери ғылымдары академиясының, Қазақстанның педагогикалық ғылымдары академиясының профессоры, тілші мүшелері және толық мүшелері (академиктері) болып сайланды.
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау жүйелі түрде қолға алынды. Курсанттардың патриоттық тәрбиесіне басты назар аударылды. Халықаралық байланыстар кеңейді.
Төртінші кезең (2016 жылдан бүгінгі күнге дейін) Әскери институт білім берудің жаңа стандартына көшті. Бұл кезең Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізгі бес басымдығы жүзеге асуымен байланысты. Бұл кезеңде инстиутта білім беру жүйесінің сапасы, кадрлар құрамына бақылау мен талапты нығайту, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен білім беру бағдарламасы деңгейі сияқты мәселелерге басымдық беріледі.
Әскери институт мамандандырудың 7 түрі бойынша «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандығына дайындау бағыты бойынша жоғары білім саласында білім беру әрекетін жүргізу құқығын беретін мемлекеттік рұқсатнамасы бар.
Әскери институт өзінің дамуы кезеңінде 17 шығарылымды жүзеге асырды, соның ішінде, бесеуі халықаралық шығарылым болды. Әскерге 3109 офицер жіберілді, оның ішінде 252-сі үздік бітірсе, 45-і «Әскери жоғарғы оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісіне ие болды. Олардың аты-жөндері Әскери институттың құрмет тақтасына енгізілген.
Қазіргі кезде Әскери институтта зор өмірлік және қызметтік-жауынгерлік тәжірибеге ие жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық, басшылық және профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасты, материалдық база құрылды. Ғылыми әлеует 52 % құрайды.
2003, 2008 және 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген Мемлекеттік аттестацияны Әскери институт үш мәрте табысты өтті. 2011 жылдың қыркүйегінде Әскери институт Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кешенді тексеруінен өтті, тексеріс қорытындысы бойынша білім беру және қызметтік іс-әрекетіне оң баға берілді.
Оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және мамандықтардың оқу жоспарлары, курсанттардың жеке оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орнының білім беру құрылымы Ұлттық ұлан офицерлерін дайындаудың өзіне тән белгілерін есепке ала отырып, білім беру мен ғылым саласында еліміздің нормативті құқықтық актілері талаптарына сәйкес оқу жұмыстарының мазмұнын анықтайтын және олардың арақатынасын, мөлшері мен есебін көрсететін әр түрлі оқу жұмысының түрлерінен тұрады.
Теориялық білімдерін бекіту және практикалық машықтану мақсатында курсанттар Петропавл қаласының базалық әскери бөлімінде тағылымдамадан өтеді, қарауыл бастығы мен олардың көмекшілерінің міндеттерін орындайды, аптасына екі рет Ішкі істер органдарымен бірлесе отырып қоғамдық тәртіпті күзету бойынша патрульды-посттық қызмет атқарады.
Кредиттік технологияны кіргізуде әскери тәртіп бойынша сағат санын өсіріп оқытуда тәжірибелік бағытта оқу барысы ашық түрде қарқынды түрде орын тапты. Әскери-кәсіби дайындық циклі 65 % — ды құрайды. Түнгілік уақыттағы сабақтар 30 %-дан кем емес.
Бүгінгі танда сабақтардың басым бөлігі жылдың кез келген мезгілінде және ауа райының кез келген жағдайында оқу орталығында және әскери техникаларды пайдалану арқылы әскери атыс алаңында өткізіледі. Оқу жоспарларында және білім беру бағдарламаларында далалық шығу және оқу, әскери жасақтың, бөлімшелердің және взводтардың жауынгерлік атыстары, оқу-имитациялық және ұрыстық граната лақтыру, роталық тактикалық оқулар, батальондық тактикалық-арнайы оқулар. Оқу құрылымындағы басты жағдай жаттығулар жүйесі және жаттығу құрылғылары. Негізгі бастысы кәсіби және өндірістік тәжірибеде беріледі.
«Ғылым туралы» заңнамаға сәйкес еліміздің Ұлттық қорғаныс университеті мен Шекаралық қызмет академиясында докторантура және магистратурада, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының академиясының адъюнктурасында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау басымдылықтары анықталған. Келісілген Меморандум негізінде Омбы мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық жүргізілуде.
Жыл сайын Қырғызстан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы әскери бөлімдерінің және басқа әскери жоғарғы оқу орнының ғалымдары мен әскери мамандарының қатысуымен халықаралық ғылыми конференция өткізіледі. Ресей Федерациясы Ұлттық ұланы әскерлерінің Новосібір, Пермь және Санкт-Петербург институттарының ғалымдары мен педагогтары белсенді қатысады.
Әскери институттың профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеулерінің қорытындылары «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты Жаршысында» жарияланады. Курсанттардың әскери-ғылыми бірлестігі білім алушылардың 65 % құрайды. Жыл сайын курсанттар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі оқу орындарының арасында өткізілетін үздік ғылыми жұмысы сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанады.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф.Жақсылықовтың бұйрығы бойынша жыл сайын үш кезеңнен тұратын «Жылдың үздік курсанты» сайысы өткізіліп, үздіктер марапатталады. Сондай-ақ институтта үздік оқытушы, үздік оқу және үздік оқу-әдістемелік әдебиет, үздік электронды кітапхана, үздік сынып байқаулары және «Курсанттардың оқытушыларды бағалауы» рейтингтік зерттеуі және тағыда басқалары өткізіледі.
Оқыту үрдісінің бір бөлігі курсанттарды тәрбиелеу болып табылады. Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жеке құрамды Қазақстан Республикасының заңдарын және Ата Заңын құрметтеуге, әскери тәртіпті ұстануға, әскери ұжымда бірлікте болуға, қойылған міндеттерді моральдік және психологиялық дайындықта орындай білуге, оқу-тәрбиелік үдерісті жетілдіруге бағытталған. Әскери институт курсанттарын тәрбиелеу оқытудың барлық кезеңінде тәрбиелеудің кешенді жоспарының негізінде оқу үрдісімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық идеяны ұстану, мемлекетті, қоғам мен жеке тұлғаларды қылмыс және басқа да құқық бұзушылық әрекеттерден сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауға дайын болуы негіз болып табылады.
Басты бағыты болашақ офицерлерді тәрбиелеуде Ұлттық ұланда қызмет етуін мақтан тұту, оның қызметтік-жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыруға талпындыру болып табылады. Әскери институттың офицерлері мен курсанттары Астанада өтетін шерулерге қатысып, жоғары саптық шеберлік пен ұйымшылдықты көрсетеді. Әскери институтта клуб пен мұражай, әскери қоғамдық ұйымдар, үйірмелер мен спорт секциялары жұмыстары ұйымдастырылған. Жоғарғы оқу орнында әртүрлі спорт түрлерінен әлем, Еуропа, Азия, Қазақстан, Қарулы күштер және Ұлттық ұлан чемпиондары оқиды.
Өз қызметіндегі басты нәтиже мен бағаны біз түлектерден көреміз. Бүгінгі күні біздің түлектер қызметтерін тек қана Ұлттық ұланда ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасында жасақталған басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда қызметтерін өтеп жатыр.
Олардың негізгілері 960 түлектер өздерінің лауазымдық міндеттерін рота-батальон-полктарда атқарып жатыр.
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында 41 түлегіміз және Өңірлік басшылық басқармасында 70 түлегіміз, соның ішінде 4 қолбасшылықтың орынбасарлары. Әскери институтта 18 оқытушылық қызметінде.
Әскери бөлімдердің басқармасында және құрылымдарда 438 қызмет атқарады: бөлім командирлері – 9, батальон командирі – 37, бөлім командирлерінің орынбасары – 89, рота командирлері болып — 176 қызмет атқарса, соның ішінде 12 жеке арнайы жасақ бөлімшесінде.
Арнайы жасақталынған бөлімшелерде 54 түлектеріміз қызмет атқарады солардың ішінде 15 күрең береттін иегерлері. 18 жауынгерлік тәжірибесі барлар. Мемлекеттік наградалармен 2 марапатталған, 37-сі әскери шені уақытынан ерте берілген, академияны, әскери университетті бітірген — 36, 21 – оқып жатыр, соның ішінде 1 Генералдық штабтын академиясында оқуда.
Әскери институтта білім беру қызметін одан әрі дамыту үшін үнемі және жоспарлы негізде оқу-материалдық және техникалық базаны одан әрі дамыту керек. Осыған байланысты Әскери институттың оқу-тәрбие үрдісін және Ұлттық ұланға білікті офицерлерді дайындап шығаруды жақсарту мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған жоспар әзірленген. Бағдарламаның міндетін шешу және мақсатына жету келесі бағыттар арқылы жүзеге асуы мүмкін: ұйымдастырушылық-штаттық құрылымды және институттың жинақталуын жеделдету; оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етілуін жандандыру; басқарма және профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлау; оқу үрдісін әрі қарай компьютерлендіріп ақпараттандыру; профессорлық-оқытушылар құрамының еңбегін ынталандыру және жүйелі қолдау; институттың оқу-материалдық базасын әрі қарай дамыту.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының үшінші басымдық шартында Ұлттық ұланға қажетті жоғары адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерге ие қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті офицерлерді дайындауда. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты іс жүзінде еліміздің беделді әскери оқу орындарының бірі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
Әскери институтының бастығы полковник Серікхан АБСЕЛЕМОВ