Ғылыми-зерттеу қызметі

ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ

Ғылыми-зерттеу қызметі мақсаттарға тиімді қол жеткізуді, міндеттерді шешуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясын үдемелі дамыту мен жаңғыртуды қамтамасыз ететін аса маңызды құрамдас бөлім болып табылады. Әскери-ғылыми орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы (ІІМ Ішкі әскерлері) бөлімшелерінің практикалық қызметінің өзекті бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу және Академияның білім беру қызметін жетілдіру үшін 2022 жылғы тамызда құрылды.
20 жыл ішінде орталықты басқарғандар:
2000-2006 жылдары – запастағы полковник Мұсырман Ақжүніс Шаяхметқызы (тарих ғылымдарының кандидаты, доцент);
2006-2008 жылдары – майор Қалиев Асқар Қабдөшұлы (педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент);
2008-2019 жылдары – майор Баяхметов Серік Үмітбайұлы (PhD)философия докторы);
2020 жыл – подполковник Сабыров Азамат Болатұлы.
2021 жылдан бастап әскери-ғылыми бөлімнің бастығы (ғылыми хатшы), 2022 жылдын тамызынан бастап әскери-ғылыми орталығының бастығы полковник Атығаев Жомарт Айтқұлұлы (экономика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасының сертификатталған жобалау менеджері) – Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы мен ҰҚК Шекара қызметіндегі әскери қызметшілерін оқыту үшін пайдаланылатына тыс жабдықтарын әзірлеуді жүргізу және атудың жаттығу-модельдеу жүйелерін (БТР-80, КАМАЗ, Орал, «ТИГР» СБМ, МТЛБ, ГП-25, РПГ-7, АГС-17, СТГ-9 гранатометтері) пайдалы модельдерге және атыс жабдықтарын (РТК, ІҚО) пайдалануда әзірлемелер саласындағы пайдалы модельдердің 9 авторлық құқықтардың иегері.

Әскери-ғылыми бөлім қызметінің аса маңызды кезеңі оны әскери-ғылыми орталыққа (2022 жылғы қыркүйектен бастап) айналдыру болып табылады, орталыққа 3 қызмет кіреді: ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру, редакциялық-баспа жұмысы және баспахана қызметы.
Сонымен қатар, орталықта қосымша 2 лауазым енгізілді: аға офицер (Ғылыми кеңесінің хатшысы) және аға офицер (халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі).
Қазіргі уақытта орталықта: әскери-ғылыми орталықтың профессоры Иманов Амангелді Қалқенұлы (педагогика ғылымдарының кандидаты), халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі аға офицер полковник Гроскоп Роман Владимирович (философия докторы (PhD), подполковниктер Әубәкіров Рүстем Маратұлы және Әбілмәжінова Айгүл  Ерікқызы (педагогика және психология магистрі) ғылыми-зерттеу қызметі және редакциялық-баспа жұмысы қызметтерінің бастықтары лауазымдарында, аға маман (жауапты орындаушы) сержант Коспанова Құндыз Ертайқызы (педагогика магистрі) жұмыс атқаруда. Әскери-ғылыми орталығының типографиялық қызметінде: сержант Исмагулов Ерік Жоланұлы типографиялық қызметінің бөлініс бастығы (қызмет бастығы), кіші сержант Керімбекова Тұрсынай Құдіретқызы аға маман (жауапты орындаушы) (биология магистрі), ефрейтор Науқанов Нариман Дәулетұлы аға маман (жауапты орындаушы) қызмет өткереді.
Орталықтың қалыптасуы мен дамуына тәжірибелі және жоғары білікті әскери қызметшілермен қызметшілер, өз ісінің шеберлері, үлестерін қосқан болатын, олар: Мырзалинова Алма Жәкімқызы (педагогика ғылымдарының докторы, профессор), Нұрпейісов Талдыбек Әлиұлы (тарих ғылымдарының кандидаты), Шәймерденова Қарлығаш Аманбайқызы (филология ғылымдарының кандидаты), Құдабаева Дина Айтжанқызы (философия докторы (PhD)), Сүлейменова Сәуле Қалқенқызы (философия ғылымдарының кандидаты), Бәкенов Ермек Шегірұлы (запастағы подполковник), подполковник Ахметов Серік Тоқтарбайұлы (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің докторантурасында оқиды), подполковник Әубәкіров Рүстем Маратұлы (ҚР ІІМ ІӘӘБ бірінші түлегі), Әбілмәжінова Айгүл Ерікқызы (педагогика және психология магистрі), Есімжанов Қанат Кеңесұлы (запастағы майор), Исмагулов Жасұлан Жанайдарұлы (экономика магистрі), Қожантаева Райхан Махметқызы (запастағы прапорщик), прапорщик Жұматаева Гүлмира Оңдасынқызы, Данилкина Светлана Викторовна (запастағы старшина), Бакенов Азамат Ермекұлы, Жәкенова Айнагүл Әміржанқызы (запастағы сержант), сержант Қоспанова Құндыз Ертайқызы (педагогика магистрі).
Орталығының ғылыми-зерттеу қызметі тікелей ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастырумен және қамтамасыз етумен жүзеге асырылады.
2003 жылы 62 000 баспа парақ қуаттылығымен баспахана құрылып, өз жұмысын бастады, бұл орталықтың редакциялық-баспа жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.
2011 жылдың шілде айынан бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының Хабаршысы – Вестник Военного института Национальной гвардии Республики Казахстан» ғылыми – білім беру журналы шығарыла басталды. 2019 жылы Әскери институттың хабаршысы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылған басылымдар тізіміне енгізілді.
2022 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының Хабаршысы – Вестник Военного института Национальной гвардии Республики Казахстан» ғылыми – білім беру журналы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының Хабаршысы – Вестник Академии Национальной гвардии Республики Казахстан» болып ауыстырылды.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ХАБАРШЫСЫ» ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ЖУРНАЛЫ
Бүгінгі күні орталық жоғары оқу орнында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру бойынша жүйелі түрде әр түрлі қызметті жүргізеді, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын және әскери білім беруді жетілдіру мен дамытудың өзекті мәселелерін шешуге бағыттайды.
2023 жылғы 13 сәуірде академияны Қазақстан Республикасының ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызметінің субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлік алынды.
Әскери-ғылыми орталық Ғылыми кеңестің (академияның жоғары алқалы басқару органы), ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) және оқитындардың әскери-ғылыми қоғамының (ҒЗТКЖ) басшылығын тікелей ұйымдастырумен айналысады.
Әскери-ғылыми орталығы Ғылыми кеңеске (Академияны басқарудың жоғары алқалы органы), ғылыми-техникалық кеңеске (ҒТК) және курсанттардың әскери-ғылыми қоғамына (БАӘҒК) тікелей ұйымдастырушылық басшылық жүргізеді.
Академиядағы ғылыми жұмыстың негізгі нысандары: іргелі, іздестіру және қолданбалы теориялық зерттеулерді орындау; зертханалық жағдайларда, полигондарда, әскерлерде өткізілетін зерттеу оқу-жаттығуларында теориялық тұжырымдар мен ережелерді эксперименттік тексеру, зерттеу нәтижелерін қорыту және ұсынымдар әзірлеу; басшы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; диссертацияларды, әскери-теориялық еңбектерді, баяндамаларды, мақалаларды, пікірлер мен қорытындыларды әзірлеу болып табылады; ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен шығармашылық пікірталастар дайындау, өткізу және нәтижелерін қорыту; рационализаторлық және өнертапқыштық жұмыс.
Курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлінеді, кафедраларда әскери-ғылыми үйірмелердің жұмысы ұйымдастырылды. Курсанттар халықаралық, жоғары оқу орындары арасындағы, ведомстволық олимпиадаларға, сайыстарға, чемпионаттарға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға белсенді қатысады, әрқашан сертификаттар, грамоталар мен дипломдар ала отырып, жүлделі орындарға ие болады. Бұл профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми және кәсіби әлеуетін, курсанттардың аналитикалық ойлауы мен дүниетанымдық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Әскери-ғылыми орталық Ресей Федерациясының, Беларусьтің, Өзбекстанның, Украинаның жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің барлық ведомстволық жоғары оқу орындарымен және басқа да ведомстволық ұйымдармен ғылыми зерттеулер жүргізу тұрғысынан өзара іс-қимылды жолға қойды.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 22 жоғары оқу орындарымен (білім беру ұйымдарымен, ғылыми ұйымдармен және кәсіпорындармен) Білім және ғылым саласында меморандумдар жасалды.
Осылайша, әскери-ғылыми орталығы цифрландыру жағдайында әскери ғылымды жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін ғылыми зерттеулер жүргізудің жаңартылған моделін қалыптастырады және іске асырады.

Добавить комментарий