Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының Жалпы білім беру пәндері кафедрасы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық пәндер бойынша болашақ офицерлерді даярлауды жүзеге асырады.
Кафедраның бастығы подполковник Икласов Ерлік Ерсінұлы
Кафедра міндеттері:
- оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу;
- білім беру процесіне оқытудың жаңа әдістемелерін, ғылым мен техника жетістіктерін, инновациялық технологияларды енгізу, сабақтарды өткізу сапасын арттыру;
- ғылыми-зерттеу және рационализаторлық жұмыстарды орындау;
- курсанттарды патриотизм, Отанға және әскери борышқа адалдық рухында тәрбиелеу, жоғары моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіруге және салауатты өмір салтына ұмтылу.
Кафедрада 12 пән оқытылады, барлық пәндер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған.
Міндетті компоненттің пәндері болып табылатын кафедраның 8 пәні:
- Қазақстан тарихы;
- философия;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- әлеуметтану;
- саясаттану;
- мәдениеттану
- тіршілік қауіпсіздігі негіздері;
- құқық негіздері
2 негізгі пән:
- жоғары математика;физика;
2 таңдау бойынша пән (элективті):
-
дінтану;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері