Петропавл қаласының Оқушылар сарайының қабырғасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы «Қазақстанның әскери қауіпсіздігін оқыту контекстінде әскери білім беруді дамыту» тақырыбында V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Арнайы және әскери білім беру, кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің өзекті мәселелерін талқылауға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов және Тұңғыш Президент — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Ұлттық ұлан факультетінің бастығы полковник Савердин Имиров қатысты.
Конференция жұмысына Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерлері Новосібір әскери институтының, армия генералы А.В. Хрулев атындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясы, Беларусь Республикасының Әскери академиясы, Борис Ельцин атындағы Орал федералды университеті, Шракбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты, Өзбекстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздік университеті, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, түрлі әскери және күш құрылымдарының офицерлері, сондай-ақ докторанттар, аспиранттар және магистранттар катысты.
Конференция аясында әскери білім беру жүйесінің мәселелері талқыланды, бұл әсіресе әскери қызметшілер шешетін кәсіби міндеттердің күрделенуі кезінде өзекті болып табылады және кәсіби қызметті құзыретті жүзеге асыруға қабілетті жаңа формациядағы офицерді даярлаумен байланысты.
— Ел Президенті — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әскери мамандарды сапалы даярлауға байланысты міндеттер қойды. Осыған сүйене отырып, біз дайындық бағдарламасын толығымен өзгертеміз. Біз әскерлердің алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындауы үшін жеке құраммен жауынгерлік, арнайы, командирлік даярлық бағдарламасын өңдейміз, — деп атап өтті өз сөзінде генерал-майор Бауыржан Әбжанов.
Бүгінгі таңда жоғары әскери білім беру жүйесін дамыту мәселесі мемлекет саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Қазіргі кезеңде әскери маманға жоғары кәсіби талаптар қойылады.
Конференция жұмысы Ұлттық ұлан академиясы мен Петропавл қаласының Оқушылар сарайы арасында білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталды.

Аға лейтенант Олжас Әділбек