Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының әскери қызметшілері Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының қызметкерлерімен бірге ардагерлерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығымен құттықтады.
Капитан Азамат Бекеновтың жетекшілігімен әскери оркестр Ұлы Отан соғысының үш ардагері – Қожатай Сейтахметұлы Некибаев, Иван Трофимович Клименко және Федор Васильевич Щеглов үйлерінің терезелерінің астында өнер көрсетті. Олар үшін соғыс жылдарындағы музыкалық композициялар орындалып, естелік сыйлықтар табысталды. Концерт ардагерлердің көршілерінің, айналадағы үйлердің тұрғындарының және кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың назарын аударды. Көрермендер соғыс жылдарындағы әндердің керемет орындалуына қуанышпен тыңдады және әйгілі «Жеңіс күні» әнін бірге шырқады.
Майдангерлердің атына Ұлттық ұланы академиясының бастығы полковник Артур Тоқышевтің, Петропавл гарнизоны Әскери прокурорының орынбасары Жанат Оспановтың және қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваевтың жылы лебіздері айтылды.
«Бұл мереке — жер бетіндегі ең жарқын және қуанышты мереке, ал бүгінгі күнге дейін халықтың жадында сол алыс соғыс жылдарындағы шексіз азап пен кеңес сарбаздарының, тыл еңбеккерлерінің орасан зор батылдығы сақталған. Біздің ардагерлеріміздің батылдығы мен қайсарлығының арқасында біз бүгін бейбіт өмір сүріп, болашаққа сеніммен қараймыз. Біздің кейіпкерлеріміз Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары», — деп атап өтті өз сөзінде полковник Артур Тоқышев.
Соғыс жылдарының ауырлығы мен қиыншылықтарын бастан өткерген ардагерлер әскери қызметшілерге шын жүректен алғыстарын білдіріп, Ұлы Жеңіс туралы естеліктерімен бөлісті.
Сөз соңында әскери оркестр соғыс ардагерлерінің алдында салтанатты шерумен өтті.

ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі