09.04.2024 жылы тілдік дайындық кафедрасында «Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта» оқырмандар конференциясы өтті. Туындының шығу тарихы, автордың идеясы, бас кейіпкерлердің мінездері, өзінің кейіпкерлеріне деген авторлық көзқарасы, оқырмандардың пікірі – қазақ классикалық әдебиетінен (Абай, Ә. Нұршайықов) интернет кеңістігіндегі заманауи туындыларға дейін (А. Полярный, М. Гузек).
Оқырмандар конференциясының қатысушылары келесі қорытындыға келді: оқу керек, себебі оқу адамның ой-өрісін кеңейтеді, сөздік қорын байытады, ауызекі тіл мен жазба тілдің сауаттылығын арттырады, оқитын кітапты таңдағанда авторлық идеяға, шығарманың тәрбиелік құндылығына назар аудару қажет.
Мемлекетіміздің басшысы Қ. Тоқаев «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында: «Кітапқа деген сүйіспеншілік – бұл тамаша қасиет. Біздің ұлтымыздың прогресске деген ең маңызды баспалдақтары – ол кітаптар» деген болатын. Бұдан шығатын қорытынды: оқу – бос уақытты өткізу ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғаны қалыптастыру, өзіндік дамыту.