Ұлттық ұлан Академиясының қабырғасында тың идея жүзеге асты. 4-курс курсанты Александр Карпенко педагог-психологтың кәсіби болмысын қалыптастыруға арналған оқулықтың авторы атанды. Ол бұл оқу құралын ғылыми жетекшісі әрі педагогика ғылымдарының кандидаты, оқу орнының профессоры Амангелді Имановпен бірге әзірлеген.

⏺

Оқу құралы «Педагог-психологтың кәсіби болмысын қалыптастыру технологиясы» деп аталады. Онда болашақ офицердің кәсіби қызметін қалыптастыру технологияларының әдіснамалық негіздері қамтылған. Бұл еңбек қазіргі уақытта магистратурада оқитын тәлімгерлер арасында сынақтан (апробациядан) өтіп жатыр.

🗣

Оқу құралына қазақстандық және шетелдік ғалымдардың осы бағыттағы еңбектері негіз болған. Сонымен қатар, онда диагностикалық құралдар үлгілері де келтірілген.

🔐

Бұл оқу құралы авторлық құқықпен қорғалған. Енді ол педагогика мен әскери сала түйіскен тұстағы кәсіби даму мәселелерін зерттейтін мамандар үшін құнды әдістемелік құрал болмақ.

⏺

Айта кетейік, Александр Карпенко Шымкент қаласының тумасы. Бала кезінен ол әкесі сияқты әскерде қызмет етуді армандады.

Қазіргі уақытта Александр академияны автомобильмен қамтамасыз ету саласындағы командалық-тактикалық мамандығы бойынша оқуын аяқтауда. Енді оның есімі әскери педагогика тарихына да жазылуы мүмкін.

от admin