ТЫЛ КАФЕДРАСЫ

Тылсыз жеңіс жоқ!

Тыл кафедрасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының түлектерін шығаратын, оқу, тәрбие, әдістемелік және ғылыми жұмысты, сондай-ақ оқу-материалдық базаны жетілдіру іс-шараларын жүзеге асыратын оқу-ғылыми бөліністерінің бірі болып табылады. Кафедра бірнеше жақын оқу пәндері бойынша оқу және әдістемелік жұмысты жоғары ғылыми деңгейде ұйымдастыру мен өткізу, тыңдаушылармен және курсанттармен тәрбие жұмысын жүргізу, ғылыми зерттеулер орындау, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар даярлау, кафедраның бейімі бойынша офицерлерді кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін арттыру міндеттерін шешеді.

Кафедраның негізгі міндеттері:

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін жоғары кәсіби білімі бар білікті тылдық қамтамасыз ету мамандарын, ғылыми-педагогикалық және біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар даярлау және қайта даярлау;

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының офицерлерін, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

елдің қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін нығайту және әскери қызметшілердің кәсіби білімін жетілдіру проблемаларын шешуге бағытталған іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мен жүргізу;

жоғары және жоо-дан кейін кәсіби білім алу, әскери-кәсіби қызметтің тиісті саласында біліктілігін арттыру арқылы оқушылардың зияткерлік, мәдени және адамгершілік даму қажеттіктерін қанағаттандыру;

жастарды әскери-кәсіби бағдарлау және оны жоғары әскери-оқу орындарына түсуге даярлау жұмысын ұйымдастыру және жүргізу.

Тыл кафедрасы өз тарихын 1997 жылдан, жоо құрылған жылдан бастайды, бұдан әрі 2006-2022 жылдары оңтайландыру және одан әрі ұйымдастыру-штаттық өзгерістер кезеңінде «Тыл» кафедрасы техникалық және тылдық қамтамасыз ету кафедрасының тыл циклі болып қайта құрылды. Бұл кафедраның құрамына: әскери автомобильдік техниканың материалдық бөлігі мен пайдаланау және тыл циклі кірді.

ЖОО тарихында Тыл кафедрасының алғашқы бастығы полковник Жанғазиев Болат Мұхтарұлы болды, әр уақытта кафедра бастығы болғандар: Сейітқалиев Бергенғали Оразғалиұлы және полковник Зайцев Геннадий Александрович.

Тыл кафедрасын ЖОО-ның жеке бөлімшесіне бөлу жұмысын техникалық және тылдық қамтамасыз ету кафедрасының 2018-2022 жылдары басқарған философия докторы, полковник Сатығұлов Есімжан Советұлы бастады. Тыл кафедрасының дербес бірлік болып бөлінуін қазіргі таңда жоо-ның осы бөлімшесін басқарған әскери іс және қауіпсіздік магистрі полковник Нәбиев Таир Рамазанұлы аяқтады.

Түрлі уақытта кафедрада оқу-тәрбие процесін біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етті, бұл полковниктер Мұқашев Еркін Шаймұратұлы, Анер Константин Юрьевич, Бекбенбетов Қайрат Төлегенұлы, подполковниктер Уалиев А.С., ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Аманғалиев Т.Ғ., майор Үсейінов Ж.С., капитандар Плотникова Н.А., Абдувалиева Н.Ш. және сержант Исагулова А.М.

Қазіргі уақытта кафедрада курсанттарды оқытатындар мен тәрбиелейтіндер –тыл циклінің бастығы подполковник Гончаров Артем Геннадьевич, кафедраның аға оқытушылары подполковниктер Қожахметов Данияр Тіріжанұлы мен Кәкішев Жеңіс Темірханұлы, тыл циклінің оқытушылары подполковник Жакин Асхат Ерсайынұлы, запастағы полковник Елжанов Дүйсенбек Шахманұлы мен запастағы майор Нужин Андрей Викторович.

Кафедраның өмірінде кафедраның көмекші құрамы да маңызды роль атқарады – бұл зертхана бастығы капитан Асматулаев Зульяр Шахимұлы, сондай-ақ маман техник запастағы сержант Әлнәзірова Сәуле Есмағзамқызы.

Өзінің жұмыс істеу уақытында кафедрадан: 400-ден астам тыл қызметінің маманы шықты, 200 ден астам әскери қызметші мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайта даярлаудан өтті. Кафедра түлектері тек Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында ғана емес, сонымен қатар Қарулы Күштерде, Шекара қызметінде, ТЖМ және ІІМ-де жоғары басшы лауазымдарында лайықты қызмет атқаруда. Сонымен қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тылының басқарушы құрамы кафедраның түлектерінен құралған – бұл полковниктер Коркембаев А.К., Қасенов Р.Е., Мансұров А.Н., Қажыбаев Қ.А., Есембеков А.М., Исмагулов С.Ж., Қанатов Р.А. Өмірзақов Н.Р.

Қазіргі таңда тылдың болашақ мамандары даярлықтан өтуде. Басқа мамандықтардың курсанттары мына пәндер бойынша білім алуда: «Экономикалық теория негіздері», «Экология және тұрақты даму», «Тұрмыс-тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Тылдық қамтамасыз ету негіздері» және «Рота шаруашылығы».

Профессор-оқытушылар құрамы өзінің біліктілігін ұдайы арттырады және Ұлттық ұланның бөлімдері мен құрамаларында түрлі лауазымдарда тағлымдамадан өтеді.  Кафедраның ғылыми-педагогикалық құрамы жоо құрылған сәттен бері 100-ден астам оқу және оқу-әдістемелік құрал шығарды, семинарларда, оның ішінде шетелдік конференциялар мен ғылыми, оның ішінде шетелдік баспаларда 1000-нан астам мақала жариялады.

Кафедра үнемі оқу материалдық-техникалық базаны құру мен жетілдіру жұмысын жүргізеді. Кафедрада мамандандырылған, жабдықталған дәрісханалар мен зертхана бар. Сонымен, кафедра әскерді азық-түлікпен, киім-кешекпен, пәтер-пайдаланумен қамтамасыз ету және жанармаймен қамтамасыз ету бойынша мамандандырылған сыныптарға, әскери мен роталық шаруашылық және он бес жұмыс орынды тағам әзірлейтін зертханаға ие. Тыл қызметтері бойынша есепке алу мен есеп беруді жүргізу мәселелеріне курсанттар он бес оқушыға жабдықталған компьютер сыныбында оқиды.

Бүгінгі таңда кафедраның ғылыми-педагогикалық құрамы қызметті бастағаннан бергі уақытта біліктілігі жоғары тылдық қамтамасыз ету мамандарын даярлау міндеттерін сәтті орындады, орындауда және орындауда жалғастыруда деп жариялауға болады.

Добавить комментарий