2022 жылғы 28 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы қоғамдық қауіпсіздік университетінің бастығы полковник Мирзаюсуп Рустамбаев бастаған өзбекстандық делегация Петропавлдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясына ресми іс-сапармен келді.
Кездесу барысында Академия басшылығымен брифинг өткізілді, онда Ұлттық ұлан Академиясының бастығы полковник Артур Тоқышев әріптестерін ЖОО-ның құрылымы мен даму перспективаларымен таныстырды.
Сондай-ақ, сапар аясында қонақтар оқу процесін ұйымдастырумен және Академияның оқу материалдық-техникалық базасымен танысты, сонымен қатар білім беру қызметін жүргізуді ұйымдастыру бойынша тәжірибемен алмасты.
2022 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Академиясы Өзбекстан қоғамдық қауіпсіздік университетімен халықаралық қатынастар жүйесіндегі әскери ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық шеңберінде С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп «Қазіргі заманғы жағдайларда әскери білім беруді жетілдіру: тәжірибе алмасу, шынайылық және перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді, онда білім беру технологиялары саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, арнайы және әскери білім беру, кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйелеріндегі ғылыми зерттеулер талқыланды.
Өзбекстан Республикасының өкілдерімен қатар конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов, ҚР ҚК Ұлттық қорғаныс университеті Бас штаб Академиясы факультетінің әскери Мемлекеттік басқару кафедрасының доценті, отставкадағы генерал-майор Дәулет Салханов, Ұлттық ұлан Әскери кеңесінің хатшысы полковник Савердин Имиров, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарының докторанттары, аспиранттары мен магистранттары қатысты.
Жұмыс қорытындысы бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және озық тәжірибемен алмасу мәселелеріндегі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Бірлескен жұмысты қорытындылай келе, Ұлттық ұлан Академиясының бастығы полковник Артур Тоқышев әскери кадрларды даярлау мәселелеріндегі екіжақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың одан әрі дамуына және нығаюына сенім білдірді.
Өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздік университетінің бастығы полковник Мирзаюсуп Рустамбаев қазақстандық тарапқа шақырғаны үшін алғыс айтып, жоғары білікті кадрларды даярлаудың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.
Делегацияның жұмыс сапары Петропавл қаласында мәдени бағдарламамен — Солтүстік Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайына, «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешеніне және «Ботаникалық бақ» кешеніне барумен аяқталды.

ҚР Ұлттық ұланы Академиясының баспасөз қызметі