Елімізде ұстаздар күні дәстүрлі түрде қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Қазақстандағы басқа мерекелер сияқты, ұстаздар күні де салтанатты бөлімсіз өткізілмейді. Бұл күні ұстаздарға жылы сөздер айту дәстүрі елдің барлық оқу орындарына тән.
Міне, 2022 жылдың 7 қазанында Петропавл қаласының жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің акт залында 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының үздік оқытушыларын құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Биылғы жылы байқауға 8 оқытушы қатысып, жеңімпазды арнайы құрылған комиссия анықтады.
Іс-шара барысында профессорлық–оқытушылар құрамына Ұлттық ұлан академиясының бастығы полковник Артур Тоқышев құттықтау сөз сөйледі: «Біздің жұмысымыздың басты нәтижесі — жас ұрпақты тәрбиелеу. Сапалы білім алған ұрпақ зияткерлік ұлтты қалыптастырудың негізі екені даусыз. Сондықтан білім беру саласы ХХІ ғасырдағы ел үшін стратегиялық өсу нүктесіне айналуы тиіс. Мұны бізден Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та талап етеді.
Барлық профессорлық-оқытушылар құрамын кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Егеменді Қазақстанның болашақ Отан қорғаушы офицерлерін оқыту мен тәрбиелеу жолында зор денсаулық, бақыт және сарқылмас қуат тілеймін!» — деді ол.
Петропавл қаласы әкімінің атынан профессорлық-оқытушылар құрамын оның орынбасары Асқар Хабибулин құттықтап, Академия оқытушылары әрі қарай да жоғары білікті офицерлік кадрларды даярлау жолындағы міндеттерді табысты орындайтынына сенім білдірді.
«Жылдың үздік оқытушысы» номинациясы бойынша дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы майор Руслан Мульдинов жеңімпаз атанды. Жауап сөзінде Руслан Талғатұлы академия басшылығы мен әріптестеріне өзінің педагогикалық қызметіне деген сенімі мен мойындағаны үшін алғысын білдірді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен конкурс жеңімпазы грамотамен және ақшалай сыйлықпен марапатталды, сондай-ақ Академия бастығының бұйрығымен оған диплом және «Жылдың үздік оқытушысы» ауыспалы мүсіншесі табысталды.
Екінші және үшінші орын иегерлері жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы майор Наталья Белоусова және қару-жарақ және атыс кафедрасының әскерді зымыран-артиллериялық қамтамасыз ету циклінің бастығы подполковник Денис Никитенко болды.
Салтанатты шара барысында залға жиналғандардың алдында республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, Петропавл қаласы облыстық филармониясының солистері және академияның әскери оркестрі өнер көрсетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы құқықтық тәртіп әскерлерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жоғары білікті офицерлерін даярлауды жүзеге асыра отырып, өзіне жүктелген міндеттерді лайықты орындайды. Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы болашақ офицерлерді оқыту мен тәрбиелеу ісіне елеулі үлес қосады.
Оқу орнында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын оқытушылар қатарын магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарының түлектері толықтырады.

 
ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі

от admin