2025 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясында ерекше оқиға – 2005 жылғы түлектердің салтанатты кездесуі өтті. Осыдан тура 20 жыл бұрын бұл офицерлер әлі жас, көздерінде от, жүректерінде Отанға адал қызмет етуге деген шынайы ниетпен өздерінің туған оқу ордасынан үлкен өмірге жол тартқан еді.

Бүгін олар өз жолдары басталған жерге – абырой, ерлік пен әскери антқа адалдық жолына қайта оралды. Көпшілігі үшін Академия тек оқу орны ғана емес, екінші отбасыға, офицерлік ар-намыс пен әскери бауырластықтың негізі қаланған өмір мектебіне айналды.
Кездесу өте жылы әрі шынайы атмосферада өтті. Академия басшылығы түлектерді салтанатты түрде қарсы алып, еліміздің Қарулы Күштерін дамыту мен нығайтуға қосқан үлестерін ерекше атап өтті. Шара барысында оқу жылдары, ұстаздар, офицерлік қызметтегі алғашқы қадамдар еске алынып, өмірлік естеліктермен, тіпті кейбір түлектер – әскери жолды жалғастырған балаларының жетістіктерімен бөлісті.
Командирлер мен оқытушыларға да алғыс сөздері айтылды. Олар курсанттарға біліммен қатар отансүйгіштік рухын, тәртіп пен офицерлік табандылықты сіңіре білді.

Мұндай кездесулер – ұрпақтар арасындағы байланысты сақтайтын, әскери ұжымды біріктіретін және жастарға Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсететін маңызды дәстүр.

2005 жылғы түлектер үшін бұл күн – жай ғана сағынышқа толы сәт емес, Академия қабырғасында өткізген жылдардың әрқайсысының олардың тағдырында өшпес із қалдырғанының нақты дәлелі, шын мәніндегі мереке болды.
