2025 жылың 23-і мен 25-інші маусым аралығында Петропавл қаласы «Жеңіс» олимпиадалық резерв баларлар мен жас-өспірімдер мамандандырылған спорт мектебінде, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, капитан Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған қоян — қолтық ұрыстан чемпионат өз мәресіне жетті.

Жарысқа «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары, Ұлттық ұлан академиясы, 6654 және 5573 әскери бөлімдердің құрама командаларынан 100-ден астам спортшы қатысты. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша жеті салмақтық дәрежеде күш сынасты.
Екі күн бойы шаршы алаңда қолғап түйістірген жұдырықты жігіттердің жеңімпаздары белгілі болды. Олар: 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6556 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Шыңғыс Мұханғалиұлы Айтжанов; 62 келіге дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Жандос Рахметуллинұлы Утегулов; 67 келіге дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Руслан Тұрарұлы Қазыбай; 73 келіге дейін Батыс» өңірлік қолбасшылығының 3502 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Мансур Сайдаминович Мимбулатов; 80 келіге дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Курванжан Ялкунжанович Гуламдунов; 88 келіге дейін «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Алихан Дінмұхаммедұлы Сафаров; 97 келіде Ұлттық ұлан академиясы курсанты қатардағы жауынгер Искандер Асқарұлы Жайықбаев;
Жалпы командалық есепте 3 орынды-«Орталық» өңірінің қолбасшылығы; 2 орынды- Ұлттық ұлан академиясы және 1 орынды-«Батыс» өңірлік қолбасшылығы иеленді.
Ұлттық ұлан академиясы бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Корнилов Александр Александрович өз сөзінде: «Біз бүгін нағыз жекпе-жек пен бәсекелестікті көрдік. Күш, ерік, ептілік және төзімділік – бұл жауынгерлік қасиеттер спортшыларға жеңіске жетуге және тұғырға көтерілуге көмектесті. Барлық спортшыларға, сондай-ақ төрешілерге жоғары ұйымшылдық, адал күрес және жарысқандық үшін зор алғысымды білдіремін» — деп атап өтті.
Азаматтың әкесі — Ерік Нұрпейісов өзінің жалғыз мезгілсіз кеткен ұлын еске алып, құрметтегендердің барлығына үлкен алғысын білдіріп, Ұлттық ұлан мен академия басшылығына жыл сайынғы турнирді өткізу бастамасы үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының даңқты спорттық дәстүрлері бар. Көптеген жылдар бойы әскери кадрлардың ұстаханасының Қазақстан Республикасы чемпионаттарында және халықаралық деңгейдегі басқа да жарыстарда көшбасшы болып келеді.