2025 жылғы 17 маусым күні Ұлттық ұлан академиясында бастығымыз полковник Артур Қалиақпарұлы Тоқышев пен Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Алишер Ергашевич Нуралиев кездесті.

Кездесу барысында құқықтық тәртіп, өзара іс-қимыл және қауіпсіз қоғам құру жолдары талқыланды.

«Заң мен тәртіп — қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі. Тәрбиелі отбасы, таза көше, тату қоғам — бейбітшілік пен дамудың бастауы», — деп атап өткен еді Мемлекет басшысы.

ІІМ Конституциялық құқықтарды қорғауды жалғастыра отырып, халықпен тығыз байланыста әділетті болашақ құру жолында жұмыс істеп келеді.

от admin